Дәрілік жаужапырақ

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Дәрілік жаужапырақ

Ғылыми топтастыруы
Дүниесі: Өсімдіктер
Бөлімі: Гүлді өсімдіктер
Табы: Қос жарнақтылар
(unranked) Asterids
Сабы: Lamiales
Тұқымдасы: Lamiaceae
Кіші тұқымдасы: Nepetoideae
Тайпасы: Salviinae
Тегі: Melissa
Түрі: M. officinalis
Екі-есімді атауы
Melissa officinalis
Linnaeus[1]

Дәрілік жаужапырақ (лат. Melissa officinalis) – ерінгүлділер тұқымдасының жаужапырақ туысына жататын биіктігі 70-120 см, көп жылдық шөп тектес өсімдік. Сабағы түзу, төрт қырлы, сыртын түгелдей түк басқан, бұтақшалары көп.

Жапырақтары – ақшыл-көк түсті, бір-біріне қарама-қарсы орналасқан, сағақтары – ұзын, пішіні сопақша келген, жұмыртқа тәріздес. Жапырақтарынан лимон иісіндей иіс шығып тұрады, дәмі ащылау болады. Гүлдері майда, 6-10-ы жиналып, сабақтың ұш жағына шоғырланған. Гүл тостағаншасы түтікше тәріздес, 5-6 қалақшасы бар. Өсімдік шілде-тамыз айында гүлдейді. Гүлінен де лимон иісі шығады.

Жапырақтарда, гүлінде лимонның иісі болғандықтан, халық мұны лимон шөбі, лимондық мелисса деп те атай береді.

Негізінен, Шымкент, Жамбыл, Қызылорда, Алматы облыстарының жерлерінде жиі кездеседі. Олар көбіне жабайы өсетін бұталардың арасында, тоғайлардың күн сәулесі көп түсетін тұстарында, тұрғын үйлердің, ескі мал қораларының майында өседі.

Өсімдік жапырағының құрамында 0,3 пайызға дейін эфир майлары, 6-7 мг/пайыз шамасында протеин, 120-150 мг/пайыз аскорбин қышқылы, смолалар, илік заттар, кофеин, урсол қышқылдары және басқа да заттар болады.

Дәрілік шикізат ретінде сабағы, жапырағы, гүлі жинап алынады. Өсімдік гүлдей бастағанда жиналған дәрілік шикізаттың шипалық қасиеті жоғары болады. Дәрілік шикізат сапалы түрде кептіріліп, құрғақ орында сақталынады.

Өсімдіктің дәрілік шикізатының құрамында эфир майлары болғандықтан, оны жүйке жүйесін тыныштандыру, ауырсынуды басу үшін қолданады. Сондай-ақ, дәрілік мелиссаның жүрек жұмысын жақсартатын, орталық жүйке жүйесінің қозуын тежейтін қасиеттері бар.

Қолданылуы.

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Мал дәрігерлігі практикасында дәрілік мелиссанаң тұнбасы жоғарыда көрсетілген аурулармен қатар малдың азыққа тәбетін арттыру, асқазан – ішек жұмысын жақсарту, іш кепкенді, жүрек нервозын басу үшін қолданылады.

Судағы тұнба 1:20 қатынаста жасалынады. Ол малдың орта есеппен бір килограмм тірілей салмағына 0,8 – 1,0 мл тұнба есебімен беріледі. Мәселен, тірілей салмағы 50 кг бұзауға 40 миллилитрден күніне екі рет, тірілей салмағы 300 кг тартары өгізшеге, сақа сиырға күніне бір рет 250 мл, салмағы 20 кг қозыға 15-16 мл тұнба ішкізіледі. [2]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Melissa officinalis information from NPGS/GRIN. www.ars-grin.gov. Тексерілді, 4 наурыз 2008.
  2. Пайдалы өсімдіктерді мал дәрігерлігінде қолдану. - Алматы: Қайнар, 1988. - 248 б.

Шәріпбаев Н. Малдың тыныс алу мүшелерінің ауруларын емдеу үшін қолданылатын дәрілік өсімдіктер // Дәрілік мелисса — "Қайнар", 1988. — Б. 111-112. — (Пайдалы өсімдіктерді мал дәрігерлігінде қолдану). — 5700 таралым. — ISBN 5 - 629 -00074 - 5.