Ханс Циммер
Ханс Циммер Hans Zimmer | |
Негізгі ақпарат | |
---|---|
Туған күні |
12 қыркүйек 1957 (67 жас) |
Туған жері |
Майндағы Франкфурт, Германия |
Мемлекет | |
Мамандықтары |
кинокомпозитор |
Аспаптары | |
Қызметтес болған | |
Марапаттары |
«Оскар» (1995) |
hanszimmer.com |
Ханс Циммер (нем. Hans Florian Zimmer) – 150-астам киноға музыка жазған танымал неміс композиторы. Ол қатысқан фильмдердің ішінде: Арыстан Патшасы (The Lion King, 1994) Толысу (Crimson Tide, 1995), Жұқа қызыл сызық (The Red Line,1998), Гладиатор (Gladiator, 2000), Соңғы самурай (The Last Sanurai, 2003), Кариб теңізі пираттары фильмдер сериясы (Pirates of the Caribbean, 2003-11), Бастама (Inception, 2010), 12 жылдық құлдық (2013) және Интерстеллар (Interstellar, 2014) фильмдері бар.
Өмірбаяны
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Циммер Майндағы[1]. Франкфурт (Германия) қаласында дүниеге келген. Жас кезінен музыкаға әуес болған. Жасөспірім кезінде [[Лондонға көшіп барады. Ондағы Харвуд мектебінде тәлім алады. Зиммер өзінің балалық шағы туралы «Менің анам музыкант болған. Ал әкем болса инженер және өнертапқыш болған. Мен кіші кезімнен бастап пианиноны өзгертіп, қайта құр астырып өстім»,-дейді.[2].
Мансабы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Алғашқы жұмыс жолын 1970 жылдары синтезаторда композициялар орындаушы ретінде бастайды. 1977 жылы The Buggles ән тобында болады. Кейін Helden тобымен жұмыс істейді. Циммер пернеші ретінде Mecano тобына шақырылады. 1985 жылы топ «Mecano: En Concierto» альбомын шығарады.
1980 жж. Циммер Стэнли Майерс есімді композитормен бірге жұмыс істейтін болды. Майерс осыған дейін алпыстан астам фильмге ән жазған еді. Жұмыс барысында дәстүрлі аспаптар әуеніне электронды музыка қосындысынан туындылар дайындайтын болды. Циммердің жеке шығарылған музыкасы алғаш «Terminal Exposure» киносында орындалды. Композиторға танымалдылық «Жаңбыр адамы» (Rain man) киносымен келді. Кино туынды 1988 жылы «Оскарға» ұсынылды.
Ханс 1992 жылы «Жалғыздың күші» (The Power of One) киносына арнап музыка шығару үшін Африкаға саяхат жасап, жергілікті музыкалық аспаптарды кең қолданды. Жұмыс нәтижесіне қызыққан Walt Disney студиясы Ханс Зиммерді «Арыстан патша» картинасына саундтрек жазуға шақырды. Аталған жұмысы үшін бірнеше жүлдені жеңіп алды. Кинодан бөлек бейнеойындарға да арнап музыка жазады. Сыншылар Ханс Циммердің әндерін сандық заманның классикалық музыкасына жатқызады. Уақытының рухы мен болмысын әуен арқылы жеткізе алу қабілетіне ие[3].
1995 жылы Грэмми жүлдесін жеңіп алды. 1998 жылы «Мысыр патшасына» арнап саундтрек жазып шықты. Осы кезден DreamWorks Animation студиясымен тығыз жұмыс істей бастады. 2000 жж. Голливуд шығарған оншақты блокбастерлерге музыка жазған. «Гладиатор» (2000), «Қара қыранның құлауы» (2001), «Каннибал» (2001), «Соңғы самурай» (2003), «Мадагаскар» (2005), «Да Винчи коды» (2006), «Қара сері» (2008), «Шерлок Холмс» (2009). Композитордың Media Ventures компаниясы бар. 2010 жылдың 8 желтоқсан күні Голливудтағы Даңқ аллеясында Ханс Циммердің жұлдызы орнатылды. The Daily Telegraph газеті құрған «Қазіргі 100 гений» рейтингісі бойынша 72-ші орында. 2011 жылы «Саундтректердің халықаралық академиясы» «Бастама» фильміне жазған әуенін үздік шығарма деп таныды.
Композитор шығармалары
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Ханс Зиммердің жазған әндері киноларға терең мағына береді. Сондай-ақ адам санасына әсер етіп, бойында сезімдерін оятуға үлкен әсер етеді. Композитордың туындылары экрандағы бейнеге тек фондық музыка ретінде ғана емес, жеке қуатты шығарма ретінде танылған. Ал саундтректері көп уақыт өткеннен кейін де адам миында кинолардағы бейнелермен сөйлейді. Зиммер әуендері адам бойындағы және орын алып отырған әрекеттің бүкіл мағынасын жеткізудің тамаша көрінісі.
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Hans Zimmer Мұрағатталған 18 қыркүйектің 2010 жылы.
- ↑ Hans Zimmer gets star, dedicates it to Chasen (ағыл.). abclocal.go.com. Басты дереккөзінен мұрағатталған 14 ақпан 2012. Тексерілді, 4 қаңтар 2011.
- ↑ Top 100 living geniuses
Сілтемелер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Ресми сайты (ағыл.)
- Hans Zimmer (ағыл.) Internet Movie Database сайтында
- Hans Zimmer at the SoundtrackINFO project
- Hans Zimmer Fan Site
- Hans Zimmer Мұрағатталған 18 ақпанның 2014 жылы. at SoundtrackNet
- Ханс Циммер Twitter сайтында