Apple Watch
Apple Watch — Apple компаниясымен шығарылған, қосымша функциялармен қамтамасыз етілген ақылды сағат. Бұл сағат ең алғаш 2014 жыл 9-шы қыркүйек күні Купертино қаласында таныстырылған болатын. Apple Watch-та қырлары дөңгеленіп келген төртбұрышты дисплей пайдаланылды. Дисплейді басқару сенсор және сағат шетіндегі кіші бұрағыш арқылы іске асады. Басымдық сенсордан механикалық басқару бағытына берілген. Ол құрылғының оң жағында орналасқан. Сағаттың экраны сапфирден істелінген.
Қарапайым режимде дисплейде уақыт және сағат иесінің географиялық орны көрсетіледі. Білекті көтерген кезде экран іске қосылып, қосымшалар мәзірі ұсынылады. Сонымен қатар экранда «үшінші кеңістік» бар. Ол кеңістікте адамның сағатты басу күші де ескеріледі. Сенсорда басылған әрекеттер басқа Apple Watch құрылғысына беріле алады. Сезіну қызметі вибрация негізде орындалады. Apple Watch-тың ішкі жағында адам ағзасы туралы ақпаратты жинақтайтын сенсорлар орналасқан. Жүрек қағысы, жүріп өтілген жол, көтерілген биіктік секілді ақпараттар жинақталып отырады. Басқа адамдардың да көрсеткіштерімен салыстырып, ақпарат алмасуға мүмкіншілік бар.Apple Watch компанияның құралдары құратын жүйенің негізгі ортасына айналмақ. Ақылды сағат арқылы үйдің есігін, көлікті ашуға болады және де дәл осындай сағаты бар адамдармен байланыс орнату қызметі бар. Сағатқа арналған белбеулердің дизайны сан алуан. Жалпы сағаттың көлеміне байланысты екі нұсқасы, үлкен және кіші, ұсынылды. Ал құрылымдық айырмашылығына байланысты үш нұсқасы қол жетімді: Watch, Watch Sport, Sport Edition. Алғашқы құны $349 құрайды.[1]
-
«Apple Watch»
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ appleiwatches Мұрағатталған 6 қазанның 2014 жылы.
Сыртқы сілтемелер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]
|