Амнезия
Навигацияға өту
Іздеуге өту
Амнезия (гр. Ἀμνησία – ұмытшақтық, есінен айрылу) еске түсіру және есте сақтау қабілетінің жоғалуы нәтижесінде адам жадының нашарлауы немесе жойылуы. Амнезия үдемелі амнезия, бекімелі амнезия, ретроградтық амнезия және антероградтық амнезия болып бөлінеді.
- Үдемелі амнезияға шалдыққан адам көргенін тез ұмытып қалады. Бірте-бірте алдында болған жағдайларды да ұмытып, зердесінен біржолата шығарады. Мұндай сырқат ессіз күй, терең ұйқыға кету (сопор), паталогиялық маскүнемдік салдарынан болады.
- Бекімелі амнезияға ұшыраған адам жаңалықтарды сол бойда қабылдай алмайды. Бірақ бұрынғы және кейінгі зердесі сақталады. Ол, көбінесе, Корсаков психозы, иіс газымен улану, бастан жарақаттану салдарынан болады.
- Ретрогадтық амнезия психикалық ауру кезінде пайда болады. Онда адам не істегенін ұмытып қалады.
- Ал антеретроградтық амнезияға шалдыққан адам аурудан кейінгі жағдайды ұмытады.
Амнезияның соңғы екі түрі көбінесе қабаттаса жүреді.[1]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Орысша-қазақша заңдық түсіндірме сөздік-анықтамалық. — Алматы: Жеті жарғы, 2008. ISBN 9965-11-274-6
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ.
Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|