Болжам
Болжам (немесе болжау) -
- ғылым методологиясында – мәні толық анықталмаған заттар мен құбылыстардың негізінде жатқан ішкі байланыстар мен қатынастар туралы ұсынылатын ғылыми жорамал;
- құқықтануда – логикалық ой қорыту негізінде пайымдау.
Болжам таным әдісі ретінде ежелгі заманда-ақ (мысалы, ежелгі Грекия философиясы мен математикасында) белгілі болғанымен, оның ғылыми танымдағы эвристикалық рөлі XVII–XIX ғасырларда эксперименттік-математиканың, жаратылыстанудың айрықша жетістіктеріне (Ньютон механикасының дамуы, физика мен химияда атомдық-молекулярлық көзқарастың қалыптасуы, энергияның сақталу және айналу заңының ашылуы, т.б.) орай нақтылана бастады. Қазіргі ғылым философиясы мен методологиясында болжам тек жаратылыстанудың ғана емес, жалпы ғылыми танымның әмбебап әдісі екендігі негізделген. Болжам ғылыми-зерттеудің пәрменділігін арттырады. Ол қисапсыз эмпирикалық ізденістерге шек қойып, ақиқатқа жетуді тездетеді. Таным процесінде бірнеше болжамдар қатар ұсынылып, олар өзара бәсекеде ұштала келе ғылыми теория құруға негіз болатын идеяны нақтылай түседі.[1][2]
Тағы қараңыз
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ “Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9
- ↑ Орысша-қазақша заңдық түсіндірме сөздік-анықтамалық. — Алматы: «Жеті жарғы» баспасы, 2008 жыл. ISBN 9965-11-274-6
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |