Карбонатиттер

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Карбонатиттер[1]– құрамындағы карбонатты минералдар (кальцит, доломит, анкерит, сидерит, т.б.) 50%-тен асатын эндогендік тау жыныстары. Құрамында, сондай-ақ, пироксен, амфибол, флогопит, апатит, магнетит, сілтілі дала шпаттары, сирек металды минералдар, т.б. кездеседі. Карбонатиттер минералдық құрамына қарай пироксен-кальцитті, флогопит-доломитті, гематит-анкеритті болып бөлінеді. Түсі ашық, шомбал бітімді, құрылымы ұсақ түйірден ірі түйірге дейін болады. Карбонатиттер қалыптасу жағдайына қарай плутондық, гипабиссалдық және жанартаулық болып бөлінеді. Карбонатиттертер шток, сақина және конус пішінді дайкалар, желілер, штокверктер құрады. Карбонатиттер жалпы магматизмнің соңғы сатысында қалыптасқан. Олар Қазақстанда (Көкшетауда), Ауғанстанда, АҚШ-та, Бразилияда, Канадада кездеседі. Карбонатиттерде ниобийдің, танталдың, флогопиттің, сирек жер элементтерінің ірі кендері шоғырланған.
Екінші анықтама: негізінен карбонаттардан тұратын, ультранегізді және сілтілі құрамды интрузиялық кешенмен бірге ұшырасатын эндогендік (жердің терең қойнауларынан көтерілген заттар есебінен калыптасқан) таужыныстар.[2]

Дереккөздер:

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IV том
  2. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Геология— Алматы: "Мектеп" баспасы", 2003.ӀSВN 5-7667-8188-1 ӀSВN 9965-16-512-2