Карнавал

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
A.
Карнавал
Карнавал (итальянша carnevall – сауық, мейрам) – халық думаны, сауық шеруі.[1]

Карнавал дегеніміз не?

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Алғашында карнавалдар христиандық пасха басталар алдында тойланатын діни мейрам болатын. Қазіргі карнавал - безендірілген жылжымалы платформалары, көпшіліктің көнілін көтеретін әртістері және сап түзеген топтары бар үлкен көше театры мен бишілер парады Атақты карнавалдар Бразилия, АҚШ және Ұлыбританияда өткізіледі.[2]

Қалың көпшілік қатысатын болғандықтан, карнавал ашық аспан астында өтеді. Карнавалдың шығу төркіні көктемді қарсы алу мейрамдары мен жәрмеңке думандарына саяды.

  • “Карнавал” термині 13 ғасырда қыспен қоштасу мейрамының атауы ретінде Италияда пайда болды.
  • 18 ғасырда Венецияда, Римде жалпықалалық мерекеге айналды, оған ұлттық ойындар мен билердің, маскарадтың элементтері қосылды. *Біздің елімізде кеңестік дәуірде “сабан той”, “шопан тойы”, “қыспен қоштасу” өткізілсе, қазір “наурыз тойын”, тағы басқа өткізу карнавалмен үндеседі.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. a b «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9, IV том
  2. Сұрақ және жауап. Энциклопедия

«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9, IV том

Сұрақ және жауап. Энциклопедия