Покемон
Покемон | |
ағылш. Pokémon жапон. ポケットモンスター | |
Алғашқы туындысы | |
---|---|
Фильмдер мен телесериалдар | |
Телесериалдар |
аниме «Покемон» |
Ойындар | |
Компьютерлік |
ойындар топтамасы Pokémon |
Покемон (жап. ポケットモンスタ — покэтто монсута, ағыл. Pokemon, ағыл. сөзі Pocket monster «қалта құбыжығы») - өте танымал кейіпкерлері және сауда белгісі бар туындыға ие, 1996 жылы Сатоси Тадзири негізін қалаған интеллектуалды иелік. «Покемон» сауда белгісіне Nintendo атты үлкен компьютер ойындарының фирмасы иелік етеді. «Покемон» ең алғашында Game Freak шығарған жұп ойын ретінде жарыққа шықты, осыдан кейін дүние жүзі бойыша ең танымал компьютер ойындарының топтамаларының ішінде екінші орыннан көрінді, ал бірінші орынды Nintendo фирмасының басқа ойындар топтамасы алды. Қазіргі уақытта ойындар желісі бойынша құрылған және әлемде кең танымал болған аниме жанрындағы туынды, манга, коллекциялық карточкалық ойын және басқа да тауарлар бар.
«Покемон» сөзі ғажайып қасиеттерге ие, ойлап табылған тірі ағза деген мағына береді. Қазіргі таңда 721 түрі тіркелген. Ойлап табылған «Покемон» әлемінде өздерін бапкер деп атайтын адамдар покемоның басқа да покемондармен шайқасуға үйретеді. Шайқас бапкер жеңілгенде немесе покемон есінен танып құлағанда ғана аяқталады, ешқашан өлімге шейін созылмайды. Ережеге сәйкес мықты әрі тәжірибелі бапкерлерді сыйлайды.
Ойлап табылған «Покемон» әлемі қазіргі заманда бейнеленеді, бұл әлемде тумысы бөлек тірі ағзалар, яғни покемондар өмір сүреді. Кейбір покемондар сөйлей алады. Олардың көп түрлері болады, қазіргі уақытта 721 түрі белгілі, әр покемон ерекше қасиеттерге ие, бірақ әр қасиеттің покемонда болуы оның қай түрге жататының анықтайды. Мысалы, от покемонына мұз покемонының шабуылдары қатты әсер етпейді, бірақ су және тас шабуылдары ауыр тиеді. Кей-кезде покемонның болмысы екі түрді де біріктіре береді. Покемон шайқаста жеңсе, тәжірибе алады, осылайша деңгейі көтеріледі, яғни сапасы да жоғарлайды. Белгілі бір асуларды бағындарған кезде покемон түрленіп, дамыған түрге айналады, бұрынғы күшінен басымрақ күшке ие болады.
Компьютерлік ойындар
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Ойындарды шығу хранологиялары бойынша буын-буынға бөледі. Әр буын бірнеше ойындар топтамасы шыққаннан кейін басталады. Ережеге сәйкес, ойындар бір-бірінен қатты ерекшеленбейді. Қазіргі уақытта 6 буын бар, ойындар жаңарып отырады. Көптеген ойындар әртүрлі жанрға ие.
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]
|