Ротилар
Ротилар | |
атахоре роте | |
Бүкіл халықтың саны | |
---|---|
275 000 | |
Ең көп таралған аймақтар | |
Индонезия |
250 000 |
Шығыс Тимор |
25 000 |
Тілдері | |
Діні | |
Ротилар (өз атауы: атахоре роте)[1] — Индонезия аумағында тұратын халық. Жалпы саны 275 мың адам.[2] Индонезияда 250 мың адам, сонымен қатар Шығыс Тиморда – 25 мың адам тұрады.[3]
Тілі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Тілі - роти тілі, негізгі диалектілері: баа, билба, бокаи, рингоу, колбаффо, денгка, унаме, ти, терману. Индонезия тілдері кеңінен таралған.[4]
Діні
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Сенушілердің діни байланысы: католиктер.[5]
Кәсібі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Олар қолмен атқарылатын егіншілікпен айналысады. Азық-түлік дақылдары – жүгері, тары, түйнек, күріш, тауарлы дақылдар – бұршақ, жержаңғақ, бұрыш, көкөністер, кофе, лонтар пальмасы, саго өндіреді. Ұсақ мал, шошқа, құс, бай ротилар - жылқы, буйвол ұстайды. Өзен жағалауларында балық аулаумен айналысады. Өру, керамика, тоқыма өнері дамыған. Көптеген ротилар әкімшілік аппаратта жұмыс істейді, ұсақ бөлшек саудамен айналысады.[6]
Тұрмыс салты
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Отбасы шағын, неке патрилокальды. Таулы аймақтарда ауылдық қауымдар мен христианға дейінгі нанымдар сақталған.
Елді мекендері мен дәстүрлі баспаналары
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Дәстүрлі елді мекендері тау баурайында шоғырланып орналасқан, қабырғалармен қоршалған. Жаңа ауылдар түзу сызықты, тұрғын үйлері қаңқалы, тік бұрышты, төбесі биік болып келеді.[7]
Дәстүрлі киімдері
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Дәстүрлі киімдері — каин мен жейделер, белгілі бір пішіні бар сабан қалпақ. Ротиандықтардың дәстүрлі киімі - каин (ұзындығы 2,5 метрге дейін, белге оралған, тізеге немесе тобыққа дейін жететін шүберек), сондай-ақ белгілі бір пішіндегі жемпірлер мен жейделер және сабан қалпақ.[8]
Дәстүрлі тағамдары
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Азық-түлік - ащы дәмдеуіштер мен балық қосылған дәнді дақылдар мен түйнектер. Мереке күндері ет жейді.[9]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Ротилар. Тексерілді, 30 қазан 2024.
- ↑ Ротилар. Тексерілді, 30 қазан 2024.
- ↑ Ротилар сөзінің мағынасы. Тексерілді, 30 қазан 2024.
- ↑ Ротилар. Тексерілді, 30 қазан 2024.
- ↑ Қазіргі заман энциклопедиясы. Тексерілді, 30 қазан 2024.
- ↑ Әлем халықтары/Ротилар. Тексерілді, 30 қазан 2024.
- ↑ В.А.Тишков Дүние жүзіндегі халықтар мен діндер. Энциклопедия. — Москва: Үлкен Ресей энциклопедиясы, 1999. — Б. 434. — 930 б. — 100 000 таралым. — ISBN 5-85270-155-6.
- ↑ Ротилар. Тексерілді, 30 қазан 2024.
- ↑ Ротилар. Тексерілді, 30 қазан 2024.