Қар

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Қар жауып тұр

Қар — атмосферадан түсетін әр түрлі пішінді ұлпа мұз кристалдары түріндегі жауын-шашын. Су буының сублимациясы нәтижесінде өте шағын (0,1 — 0,2 мм) криссталдар үлкейіп қар жұлдызшаларына айналады. Атмосферадағы турбуленттік қозғалыстың салдарынан ауадағы қардың жеке жұлдызшалары бір-бірімен ұйыса бірігеді, яғни жерге жапалақ қар (диам. 8 -10 мм) жауады. Ауа температурасы 0°С-тан төмендегенде бұлттардан жауады. Қоңыржай ендіктерден бастап солтүстіктің және оңтүстіктің жоғары ендіктеріне қарай жайласқан аймақтарда қардың көп түсуінен Жердің қар жамылғысы пайда болады. Қазақстан аймағында қар, қазан-қараша айларынан бастап (қиыр оңтүстігіндегі жазық өңірлерін қоспағанда) түседі; Қар жамылғысының қалыңдығы солтүстік облыстарда 25-30 см, оңтүстігіндегі жазық жерлерінде 10 см-дей; Жетісу (Жоңғар) Алатауында және Алтайдың батыс беткейінде 60 см-ге жетеді. Өскемен, Петропавл, Қостанай қалаларының төңірегінде қар 150-165 күндей (республикадағы ең ұзақ мерзім), Қызылорда, Шымкент атыраптарында 49-61 күндей (ең қысқа мерзімі) жатады.[1]

Қар жұлдызшалары, Wilson Bentley, 1902

Сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақстан Энциклопедиясы