Қолғап
Қолғап– қолға киетін киім. Ол қолды суықтау жұмыс кезінде жаракаттанудан сақтайды. Қолғап тігілу, тоқылу үлгісіне қарай бес саусақты, үш саусақты, тұйықбас деп, ал тігілетін материалына қарай тері қолғап, жарғақ қолғап, тоқыма қолғап, брезент қолғап болып бөлінеді. Тері қолғап қойдың боялған терісінен тігіледі. Егер тері боялмаса, онда оның сыртын матамен тыстайды. Тері қолғапты көбінесе тұйықбас етіп, жарғақ қолғап тықыр теріден астар салып, көбіне бес саусақ түрінде тігіледі. Тоқыма қолғап түйенің, қойдың жүнінен, ешкінің түбітінен тоқылады. Тоқыма қолғап бес саусақты да, үш саусақты да (бас бармақ пен сұқ саусақ жеке), тұйықбас та болады. Қатты қайырым жұмыс істейтін адамдарға брезент қолғап керек. Ол тұйықбас болады. Қазіргі кезде жеңіл өнеркәсіп орындары қолғаптың алуан түрін шығарады. Қолғаптың ең байырғы түрінің бірі — құс-бегілер қолына киетін «Биялай». Биялай түйенің мойнақ терісінен, бұғы, бұлан секілді аңдардың, өгіздің қалың мойын терісінен сірідей тігіледі. Бүркіттің тегеуіріні басқа теріні тесіл кетеді. Биялай да қолғаптың тұйықбас түріне жатады.[1]
Тарихы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Бірінші колғаптар Ежелгі Мысырда Туттанхомон қабырында табылды. Басында колғаптардың саусақ жақтары ашық болды, өйткені осылайша садақтан ату оңайлырақ болып келетін.
12 ғасырда алдымен Италияда, содан кейін Францияда қолғап шеберлерінің гильдиялары пайда болды, олардың қолөнері өте құрметті болды, қолғап - сәнді бұйымдардың біріне айналды.
16 ғасырда қолғап шынтаққа дейін ұзарып, алғаш рет 1566 жылы ағылшын патшайымы Елизавета I Оксфордтағы қабылдауда осындай қолғапты киген болатын.
16-17 ғасырларда Ресейдің садақ ату әскерінде «бастапқы адамдар» (офицерлер) қарапайым садақшылардан киім-кешек, қару-жарақ кесуімен ерекшеленді, сонымен қатар таяқ пен қолғап немесе білезік қолғап киген.
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Шаңырақ: Үй-тұрмыстық энциклопедиясы. Алматы: Қаз. Сов. энцикл. Бас ред., 1990 ISBN 5-89800-008-9
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |